Тоқаев үкіметке адам құқығы саласында дереу атқарылуға тиіс шаралар жоспарын жасауды тапсырды

Президент адам құқығы саласы туралы қаулы шығарды


10/06/2021
11:55 42357 0

Фото: tengrinews.kz

 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев адам құқығы саласындағы ендігі шаралар туралы қаулы шығарды. 

 

Онда мемлекет басшысы үкіметке:  

 

  • БҰҰ-ның келісімшарт органдары мен Адам құқықтары бойынша кеңесінің арнаулы рәсімдерімен өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіруді;
  • адам саудалаудан зардап шеккендер құқығын;
  • мүгедектігі бар азаматтар құқығын;
  • әйелдерді алалауды жоюды;
  • еркін бірлесу құқығын;
  • еркін пікір айту құқығын;
  • өмір сүру құқығын;
  • үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл тиімділігін арттыруды;
  • қылмыстық сот төрелігі, атқару және азаптаулар мен қатыгез іс-әрекеттердің алдын алу саласындағы адам құқығын қамтамасыз етуді, соған қатысты жоспар шығаруын тапсырды.
Поделиться

Нет комментариев.

10/06/2021 11:55
42357 0

Уведомление